«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және АҚШ
АҚШ Президенті Джо Байден үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстаным мен әрекеті осы кезге дейін Трамптың Иранмен қарым-қатынасын ұстанғанын көрсетеді.
Байден үкіметінің Иранға қарсы саясаты мен әрекеттері жалпы және негізгі мақсатты көздейді, яғни қысым арқылы Ираннан жеңілдіктер алу. Байден үкіметінің ұстанымы Дональд Трамп үкіметінің 4 жыл бойы ұстанған мейілінше қысым көрсету саясатының жалғасы, бірақ соңында АҚШ-тың бұрынғы президенті мақсатына жете алмады. Жақында Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф американдық Politico газетіне берген сұхбатында АҚШ Президенті Джо Байден үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты саясаты туралы: «Вашингтон Иранға қысым жасау арқылы жаңа жеңілдіктерге қол жеткізгісі келеді»,- деді. Байден үкіметінің сыртқы саясат тобының ұстанымдары мен мәлімдемелері демократтардың жұмсақ дипломатияны жамылып, Трамп үкіметінің Иранға қатыстың ұстанымдарын жалғастыруын көрсетеді. Иранның алдында дипломатияға жол ашу туралы сөйлеу, содан кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ұзарту мен нығайтуды қуаттау - бұл Трамп үкіметінің 4 жыл бойындағы қоқан-лоққы, санкция және мейілінше қысым көрсету саясаты. Осыған байланысты Халықаралық істер жөніндегі аға сарапшы Даниэл Депттерис жуырда АҚШ-тың Newsweek апталығында: «Байденнің сыртқы саясаты ойлағаннан көбірек Трамптың сыртқы саясатына ұқсайды. Иран сияқты кейбір мәселелерде Байден үкіметінің дипломатияның баяу жүруі көпшіліктің көңілін қалдырды. Осы уақытқа дейін сөзден басқа, Байден мен Трамптың саясатының ұқсастықтары екеуінің арасындағы айырмашылықтардан басым болды»,- деп жазды. Трамп үкіметінің меілінше қысым жасау саясаты Иранның стратегиялық және динамикалық қарсыласуымен нәтижеге жетпеді. Иран өзінің негіздерін сақтауда және ұлттық мүдделерін қамтамасыз етуде кері кетпейтінін көрсетті. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін қысқарту әрекеттері АҚШ-тың келісімді бұзуына табиғи және заңды жауап, сондай-ақ Еуропаның өз міндеттемелерін орындаудағы әрекетсіздігі. Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты көзқарасын ескере отырып, ядролық келісімді жандандыру үдерістін қазіргі тығырыққа тірелуін АҚШ пен Еуропаның қарама-қайшылықтарынан тамырланады. Осыған байланысты Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің хатшысы Али Шамхани: «АҚШ санкцияларды алып тастау үшін тиімді шаралар қолданғанға дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы саласында ештеңе болмайды. Қазіргі тығырық тактикалық және ішкі емес, бірақ Батыстың жалған стратегиясымен байланысты»,- деді.