Сәу 17, 2016 21:29 Asia/Almaty
  • Могерини: Еуропалық банктердің Иранмен ынтымақтастық жасауы үшін еш кедергі жоқ

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі еуропалық банктердің Иранмен ынтымақтастық жасауы үшін жаңа нұсқаудың даярланғанын және олардың Иранмен ынтымақтастық жасауы үшін еш кедергі жоқ екендігін мәлімдеді.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини Иран Телерадио ұйымының ақпарат агенттігіне берген сұхбатында шетелдік банктердің құзыры және олардың SWIFT арқылы Иранмен ынтымақтастық жасауы туралы айтқан сөзінде «Кейбір банктер Иранмен ынтымақтастық жасауды қалайды. Жақында көптеген еуропалық маңызды банктер Иранмен ынтымақтастық жасауды қайтадан бастайды» деді.

Могерини сондай-ақ Еуропа банктері мен экономикалық бөлімдерінің Иранда болуын Иран ислам республикасы мен Еуропа үшін пайдалы екендігін және Еуропаның осы негізде кедергі келтіруіне еш себептің жоқтығын мәлімдеді.

Могерини сондай- ақ «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын әлемдік қиыншылықтарды шешу үшін игі жетістік деп атап: «Америкадағы президенттіктен үміткер кейбір кандидаттардың «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын мойындамау туралы сөздері насихаттық сипатқа ие, өйткені «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы үкіметтердің, соның ішінде АҚШ үкіметі деңгейінде жасалған. Адамдар оны жоққа шығара алмайды. Ядролық келісімшарт айбынмен өз жолын өткереді. «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы сәтсіздікке ұшыраса оның салдары баршаға тиіп, барша зарар шегеді» деп сенім білдірді.

Тегтер