Сәу 17, 2016 22:01 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан байланысын күшейту екі ел мен аймақ үшін пайдалы

Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары маңызды да ықпалды екі ел - Иран мен Қазақстанның байланыстарын күшейтуді екі ұлт пен аймақ үшін пайдалы болады деп бағалады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары худжатул ислам уа ал-муслимин сейіт Мұхаммад Хосейн Әбуторабифард жексенбі күні Теһранда Қазақстан республикасының елшісі Бағдат Әміреевпен кездесуінде Иран мен Қазақстан байланысының оң тарихына сілтеме жасап, экономикалық, саяси және мәдени негіздерде қос жақты байланыстарды кеңейтуді қолдап: «Иран мен Қазақстанның түрлі негіздерде, әсіресе діни, мәдени саладағы терең тамырластық пен ортақтастықтары достық байланысты анағұрлым кеңейту үшін қолайлы орта болып табылады» деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары сондай- ақ аймақ және әлемде лаңкестік пен әсірешілдіктің өрістеуіне және лаңкестік топтардың белсенділігіне сілтеме жасап: «Осындай жағдайда лаңкестік және әсірешілдікпен күресте мұсылмандар бірлігі мен тұтастығын күшейту бұрынғыдан көбірек қажет болып табылады» деді.

Теһрандағы Қазақстан республикасының елшісі Бағдат Әміреев те Иран мен Қазақстан ынтымақтастықтарының өсу үстіндегі үдерісін тілге тиек етіп: «Қазақстан түрлі салада, соның ішінде ғылыми, университет, экономикалық, ядролық және саяси негіздерде Иранмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі» деді.

Тегтер