Украинадағы Наурыз мейрамы
https://itolqyn.com/news/world-i51402
Украинада Наурыз мейрамы осы мерекені тойлайтын елдер азаматтарының қатысуымен аталып өтіледі.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2021 16:09 Asia/Almaty

Украинада Наурыз мейрамы осы мерекені тойлайтын елдер азаматтарының қатысуымен аталып өтіледі.

Биыл коронавирус таралып, Украинаның астанасы Киев қаласында карантин жарияланғанына байланысты Ханенків мұражайының қызметкерлері «Һәфт син» дастарханын символды түрде жайды.

Мұражай директоры Ганна Рудик Наурыз мейрамы мен ирандық «Һәфт син» дастарханының украин дәстүріне өте ұқсайтынына тоқталып, жұмыртқаны бояу мен «Чаһаршәнбе суриге» ұқсас қыстың символын өртеу, үй жинау, жаңа киім кию және көктемнің келгенін тойлау – осының барлығының бір ортақ мәдениеттен бастау алғанын айтты.

Наурыз – қазір халықаралық мейрамға айналған көне ирандық рәсім.

Сондай-ақ парсы тілін үйреніп жүрген украиналық студенттер видео форматта ирандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.