Иранның Ресейдегі елшісі Суэц каналының орнына Солтүстік-Оңтүстік дәлізін қолдану қажеттігін айтты
https://itolqyn.com/news/world-i51428-Иранның_Ресейдегі_елшісі_Суэц_каналының_орнына_Солтүстік_Оңтүстік_дәлізін_қолдану_қажеттігін_айтты
Иранның Ресейдегі елшісі соңғы бірнеше күнде Суэц каналы жабылып, әлем экономикасына күніне 9 млрд доллар залал келіп жатқанын ескеріп: «Суэц каналының орнын алмастыру үшін Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің инфрақұрылымын толықтырып, іске қосуды тездету керек»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 28, 2021 16:25 Asia/Almaty
  • Иранның Ресейдегі елшісі Суэц каналының орнына Солтүстік-Оңтүстік дәлізін қолдану қажеттігін айтты

Иранның Ресейдегі елшісі соңғы бірнеше күнде Суэц каналы жабылып, әлем экономикасына күніне 9 млрд доллар залал келіп жатқанын ескеріп: «Суэц каналының орнын алмастыру үшін Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің инфрақұрылымын толықтырып, іске қосуды тездету керек»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Джалали сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: «Жуырда орын алған жағдайға байланысты және Суэц каналынан жылына 1 млрд тоннадан аса тауар өтетінін ескере отырып, оны алмастыратын қаупі азырақ бағытты назарға алу керек. Солтүстік-Оңтүстік дәлізі тасымал уақытын 20 күнге дейін азайтып, жол шығынын 30 пайызға дейін үнемдейтіндіктен басты таңдау болып отыр»,-деді.

Ресей Президенті Владимир Путин 2019 жылы қазан айында «Валдай» халықаралық дискуссия клубында сөйлеген сөзінде Солтүстік полюс-Азия бағыты барын хабарлады. Бұл бағыт Солтүстік теңізіндегі айлақтарды Шығыс Сібір арқылы Тынық және Үнді мұхиттарындағы айлақтарға қоса алады.