Душанбеде «Азия жүрегі» конференциясы басталды
(last modified Mon, 29 Mar 2021 11:10:45 GMT )
Нау 29, 2021 17:10 Asia/Almaty
  • Душанбеде «Азия жүрегі» конференциясы басталды

Стамбұл үдерісінің «Азия жүрегі» конференциясына мүше елдер Тәжікстаның астанасында Ауғанстан мәселелері тақырыбында тағы бір жиналыс өткізді.

Дүйсенбі, 29 наурызда Тәжікстаның астанасы Душанбе қаласында Ауғанстан тақырыбында екі күндік «Азия жүрегі» конференциясы басталды.

«Азия жүрегі» конференциясына мүше 15 ел – ИИР, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Қытай, Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің өкілдері Душанбе қаласында Ауғанстан дағдарысын шешуге қатысты өз ойлары мен көзқарастарын ортаға салатын болады. Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф осы конференцияға қатысу үшін Тәжікстанға аттанды.

«Азия жүрегі» конференцияларын өткізу Ауғанстан мәселелерін шешу үшін аса маңызды. Осы конференциялардан кейін мүше елдер ұсынған шешім жолдарының көбі күн тәртібіне қойылады.

Ауғанстанда соғысты тоқтату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікпен күресу – Душанбедегідей екі күндік конференцияларда талқыланатын маңызды тақырыптар.

«Стамбұл үдерісі» деп аталатын алғашқы «Азия жүрегі» конференциясы 2011 жылы лаңкестік пен есірткі заттары контрабандасымен күресіп, сауда-саттықты дамытып, инвестиция салу арқылы Ауғанстанда бейбітшілік орнатып, қауіпсіздікті нығайтуға көмектесу үшін жол картасын белгілеу мақсатында өткізілді.

Келесі конференциялар 2012-2015 жылдар аралығында Ауғанстан, Қазақстан, Қытай мен Пәкістанда өтті. Бұл конференцияға 12 ел мүше, 16 ел қолдаушы болып отыр.

Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Үндістан, Түркия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Қытай мен Тәжікстан  – «Азия жүрегі» конференциясына мүше елдер.

Ауғанстан мен көршілес елдер арасында аймақтық әріптестік жасалуына ынталандыру, әсіресе лаңкестік, экстремизм және кедейлікпен күресу «Азия жүрегі» конференцияларының басты мақсаты саналады.

ИИР Ауғанстанға көршілес және шекаралас ел ретінде осы елде бейбітшілік орнату үдерісінде айшықты рөл ойнайтын әлемнің ең маңызды елдерінің бірі саналады.

Сол себепті Иран Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздік  орнатуды өз міндеті санап, осы жолда әрдайым әсерлі қадамдар жасап келеді.

Басқыншы күштерді Ауғанстан шығару және осы ел халқына өз тағдырын шешуге ықтияр беру – Иранның мақсаты. Теһран басшылары осы мәселелерге баса назар аударып келеді.