Нау 31, 2021 16:07 Asia/Almaty

Хакім Низами Гяджавидің 880 жылдық мерейтойына орай Мәскеудегі бір мұражай "Ұлы парсы дастаншысын ұлықтау" атты көрме өткізді.

Бұл көрмеде Хакім Низамиге тиесілі көне қолжазбалар мен туындылар парсы мәдениеті мен әдебиетін сүйер қауымның назарына ұсынылған. Сондай-ақ Низами кітаптарының ең көне нұсқалары, соның ішінде "Хамсе" (Бестік), "Махзан ул-Асрар" (Құпиялар қазынасы), "Ләйлі-Мәжнүн", "Жеті сұлу" мен "Ескендірнама" және тағы басқа ондаған ирандық көркем және мәдени туындылар, соның ішінде қолдан тоқылған көне кілемдер, картиналар, миниатюралар мен көне қыш бұйымдар көрмеге қойылды.

А. Н. Радищев атындағы мұражай қызметкері: "Бұл көрмеде шын мәнінде ирандық өнер мен әдебиеттің бір бөлігі ғана жұрт назарына ұсынылып отыр",-деді.

Саратов мұражайының қызметкері Елена Маслова Низами өлеңдерінің орыс әдебиетіне әсері туралы айтып: "Шын мәнінде біздің әдебиетіміздің басым бөлігі парсы прозасы мен поэзиясына қарыздар",-деді.

Хакім Низамиге арналған көрмені ұйымдастырушы Елена Затеева көрме өткізудегі мақсаттың Низами шығармашылығының орыс әдебиеті мен өнеріне әсерін көрсету екенін айтып: "Низами туындыларын шеберлікпен аудару Ресей халқының осы хакімді тануында әсерлі рөл ойнағанын ұмытпауымыз керек",-деді.

Тегтер