Тайванда теміржол апатынан ондаған адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/world-i51542-Тайванда_теміржол_апатынан_ондаған_адам_қаза_тапты
Тайван аралының шығысындағы бір туннель ішінде пойыз рельстен шығып кетіп, 108 адам қаза тауып, жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 02, 2021 14:29 Asia/Almaty

Тайван аралының шығысындағы бір туннель ішінде пойыз рельстен шығып кетіп, 108 адам қаза тауып, жараланды.

Тайван жолаушы тасымалы басқармасының хабарлауынша, пойыздың жүк көлігіне соғылуы салдарынан ол рельстен шығып, кемінде 41 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Тайван ресми ақпарат агентігінің хабарлауынша, жол шетіне дұрыс қойылмаған жүк көлігі пойызға кедергі жасап, апаттың туындауына себеп болды.

Пойызда шамамен 350 жолаушы болған. Алғашқы төрт вагондағы 80‑100‑ға жуық жолаушы шығарылды, бірақ 5‑8‑ші вагондағы адамдарды шығару мүмкін болмай отыр.