Венадағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бірлескен комиссиясының отырысы
Бүгін Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бірлескен комиссиясының отырысы өтті.
Бұдан бұрын өткен жұмада Иран мен 4+1 тобы өкілдерінің қатысуымен видео форматта «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бірлескен комиссиясының 18-ші отырысы өтіп, оған қатысушылар Венада оны жалғастыру шешім қабылдады. Видео форматта өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бірлескен комиссиясының отырсынан кейін Венадағы сейсенбі күнгі жиналысына АҚШ тобы да қатысып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында қалған Ираннан басқа мүшелерімен келіссөз өткізетіні туралы хабар таралды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде бұл мәселеге реакция білдіріп, бірлескен комиссияның сейсенбі күнгі отырысының бұрынғы отырыстарынан айырмашлығының жоқтығына тоқталып: «Жол айқын: АҚШ санкциялары толығымен алынып тасталуы және тексерістен өтуі керек. Бізде тек бір ғана қадам бар, бұл бір қадам - АҚШ-тың барлық санкцияларынан бас тарту. Мұндай жағдайда Иран келісімдегі міндеттемелерін қысқарту қадамдарын тоқтатып артқа шегінуге дайын»,- деді. Хатибзаде сондай-ақ Wall Street Journal-дың Венадағы екі келісім туралы уәждеріне қатысты: «4+1 тобының қайда және қалай АҚШ-пен сөйлесетіні аталмыш топтың өзіне байланысты»,- деді. Вена отырысында Иран тобына жетекшілік ететін Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Аббас Арақчи де: «Сейсенбідегі Венадағы кездесуге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тек қазіргі мүшелері қатысады. Иран қатысатын кез-келген отырысқа, оның ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бірлескен комиссиясына АҚШ қатыспайды және бұл сөзсіз»,- деді.
Осыған байланысты Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков «Иран тарапының шешімін құрметтейміз» деп қуаттап: «Теһран тағы бір шешім қабылдағанға дейін біз тікелей емес диалог туралы жұмыс істейтін боламыз, оған барлығы, соның ішінде АҚШ келіседі», - деді.
Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымы айқын және осы келісімдегі Иранның құқыларына сәйкес. Иран келісімдегі міндеттемелерін қысқарту қадамдарын тоқтатып, өз міндеттемелеріне оралуды АҚШ тарапынан енгізілген бүкіл санкциялар алынған кезде бастайды. Сондықтан АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды алып тастаудан басқа амал жоқ. АҚШ Қаржы министрлігінің Иранға қарсы 1500-ге жуық санкцияларының күшін жоюы - АҚШ-тың негізгі қадамы. АҚШ-тың Халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі Джозеф Циринчионе Венада болған кез-келген оқиғаны күдіктер мен түсінбеушіліктерді, кедергілер мен араласуларды жою арқылы саяси ерік-жігерді нығайтып, жалғастырған жағдайда ғана маңызды және жағымды қадам деп санауға болатындығын атап өтті. Әйтпесе, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралу мүмкін емес. Кез келген жағдайда саяси ерік-жігер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жаңғыру үлерісінің қозғаушы күші болып табылады. Ал техникалық және техникалық емес қиындықтардан өту екінші тараптардың табандылығына байланысты. Алайда, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының айқын бұзуынан туындаған тәжірибелер мен сенімсіздік кеңістікті ескере отырып, келісімге келу қиын процесс болып көрінеді.