Сәу 25, 2021 19:49 Asia/Almaty

COVID-19 індетінің жаңа толқыны әлемнің көптеген елдерін шарпып жатқанда коронавирусқа қарсы вакцинаны таратуда кемсітушілік жасау және дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар алуға мүмкіндіктің болмауы әлемнің бай елдері тарапынан жасалып отырған кемсітушілік пен терроризмнің жаңа келбетін көрсетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа есебінде коронавирусқа қарсы вакцинаның кедей елдерге жеткізілмей отырғанын растап, бай елдердің бейғамдығы мен әрекетсіздігі салдарынан вакцина таратуда әділетсіздіктің жалғаса беретінін айтты.

Бұл есеп COVID-19 індетінің жаңа толқынынан көз жұмғандар санының күн сайын артып келе жатқан жағдайында жасалды.

Латынамерикалық елдер мен Африка құрлығындағы елдердің көбінде вакцина алу мүмкіндігі жоқ, олар тіпті дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардан мақрұм қалып отыр.

Коронавирусқа қарсы вакцина жасалған соң індетке тойтарыс беріліп, жағдай түзеледі деген үміт артты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары COVAX вакцина тарату бағдарламасын қолға алып, әлемнің түрлі елдеріне вакцина жіберуге үміттенген, алайда іс жоспардағыдай болмай отыр.  

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, әлем бойынша вакцинаның 900 млн-ға жуық дозасы таратылды. Бірақ олардың 81 пайызы табысы жоғары немесе орташа елдерге тиесілі.

Кедейлікпен күрес кампаниясының есебі көрсеткендей, Еуроодақ елдері, АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Канада мен Жапония осы күнге дейін  3 млрд-тан аса вакцина дозасын жинады. Бұл көлем олардың қажеттіліктерінен әлдеқайда жоғары.

Халықаралық кеңестер мен өтініштерге қарамастан, бай елдер денсаулық саласында апартеидтің жаңа түрін ұстанып отыр.  

Тегтер