АҚШ Израиль режимінің апартеиді мен адамгершіліктен жат әрекеттерін қорғайды
(last modified Wed, 28 Apr 2021 14:34:56 GMT )
Сәу 28, 2021 20:34 Asia/Almaty

АҚШ жақында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы әскери қылмыстары мен нәсілшілдік саясаты туралы жасаған баяндамасына реакция білдіріп, оны қабылдамады.

 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки баспасөз конференциясында адам құқығын қорғау ұйымының Израиль басшыларының адамзатқа қарсы екі қылмысы, яғни апартеиді мен палестиналықтарға азап-қорлық көрсетуі туралы есебіне сілтеме жасап: «Вашингтон ешқашан Израиль туралы мұндай сипаттаманы қабылдамайды», - деді. Вашингтонның сионистік режимнің адамгершіліктен жат әрекеттерін тіпті палестиналықтарға қарсы апартеидін қорғауы АҚШ-Израиль қарым-қатынастарының негізін және Вашингтонның кез-келген жағдайда және сөзсіз сионистік режимді қолдау міндеттемесін көрсетеді.

Нью-Йоркте орналасқан үкіметтік емес, халықаралық адам құқығы бақылаушылары сейсенбі күні 213 беттік мәлідемесінде сионистік режимді апартеид режимі деп атап, Халықаралық қылмыстық сотты Израиль басышларын соттауға шақырды. Human Rights Watch ұйымының израильдік-палестиналық бөлімінің директоры Омар Шакир израильдік апартеидке сілтеме жасап: «Бұл Human Rights Watch-тың Израильдің 30 жылдағы әрекеттері туралы жасаған ең айқын қорытындысы»,- деді. Израильдің әсіресе 1967 жылғы басып алынған жерлердегі палестиналықтарға қарсы әрекеттері Израильдің этникалық бөлуіне негізделген және сионистік режим үнемі Иордан өзенінің батыс жағалауының көптеген жерлерінде дуал құрылысы арқылы палестиналықтарды қоршауға алуға талпынды.  Израиль әрдайым Газа секторына қатыгез шабуылдар жасап,  палестиналықтарды өлтіріп, олардың инфрақұрылымы мен үйлерін қиратты және 2007 жылдан бері халқы тығыз Палестина аймағын қоршауда ұстап келеді. Израильдің бұл әрекеті адамзатқа қарсы қылмыстың айқын мысалы. Алайда, Израильдің бұл қылмыстарына қарамастан, Вашингтон бұл режимді толық қолдауын табандылықпен жалғастырды, тіпті осыған байланысты 2018 жылы сионистік режимді сынағандықтан БҰҰ-ның адам құқығы кеңесінің құрамынан шықты.