БҰҰ сионистік қалашықтардың заңсыз екенін қуаттады
(last modified Thu, 06 May 2021 12:33:04 GMT )
Maм 06, 2021 18:33 Asia/Almaty

БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дуджарик ондаған палестиналық жанұяның Шығыс Құдстағы Шейх-Джаррах ауданынан көшіріліп, Израиль соттарында осыған қатысты үкімдер шығарылып, палестиналықтардың үйлерін басып алынуына реакциясында: «БҰҰ қалашық салуға қатысты барлық істер, соның ішінде палестиналықтардың үйлерін босатып, қиратуды халықаралық заңдар тұрғысынан заңсыз санайды»,-деді.

Дуджарик БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылы қалашық салуға қатысты қабылданған №2334 қарарына тоқталып: «Бұл қарарда сионистік режимнен Палестина жерінде, соның ішінде Құдста қалашық салуды тоқтату талап етілді»,-деп еске салды. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш те 2021 жылы ақпанда сионистік режимнен Палестина жерінде қалашық салуды тоқтатуды сұрады.  

Сионистік режимнің палестиналықтарды Шығыс Құдстан шығаруы халықаралық қауымдастықтың реакциясына ұшырады. Еуроодақ бейсенбі күні өз мәлімдемесінде сионистік режимнің Палестина жерінде қалашық салуын және палестиналықтардың үйлерін қиратуын айыптады. Еуроодақтың баспасөз хатшысы Питер Стано осы мәлімдемесінде: «Біз басып алынған Палестина жерінде қалашық салуын қабылдамаймыз. Өйткені бұл халықаралық заңдарға қайшы»,-деді. Стано сионистік әскерилердің Шейх-Джаррахқа шабуыл жасап, палестиналықтарды үйлерінен қуып шыққанына тоқталып: «Басып алынған жерлерде үйлерді қиратудың артуы және Шейх-Джаррах ауданындағы өзгерістер алаңдаушылық  тудырады»,-деді. Палестина автономды құрылымы Шейх-Джаррахқа қатысты істі Халықаралық қылмыстық сотқа жібергенін мәлімдеді, өйткені Рим жарлығына сәйкес Израильдің  бұл ісі соғыс қылмысы саналып, халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу болып отыр.

Израиль соңғы жылдарда әсіресе Дональд Трамптың билігі кезінде АҚШ-тың жан-жақты қолдауына ие болып, 1967 жылы Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Шығыс Құдста басып алған жерлерде қалашық салу үдерісіне бұрын-соңды болмаған қарқынмен жалғастырды. Сионистік режим  2018 жылы палестиналық аудандарда 2 мыңнан аса жаңа үй салғанын мәлімдеді. Бұл режим 1967 жылы алты күндік соғыста Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Шығыс Құдсты басып алды. Содан кейін Израиль бұл аймаққа 250-ден аса сионистік қалашық салып, 650 мыңға жуық сионисті осы қалашықтарға орналастырды. Халықаралық принциптер мен ережелерге сәйкес, басып алынған жерлерге қалашық салып, тұрғын орналастыру заңсыз. БҰҰ-ның құқықтық істер жөніндегі сарапшысы Майкл Линк Израильдің қалашық салуын айыптап: «Бұл – халықаралық заңдардың ашық түрде бұзу және соғыс қылмысының айқын үлгісі»,-деді.

Израиль әлемдік деңгейде адам құқығын бұзатын ең ірі режим саналады. Ол Газа секторында палестиналықтарды қырып-жойып, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Шығыс Құдста тұратын палестиналықтарды үйлерінен қуып, сионистер үшін қалашықтар салып жатыр. Сионистердің бұл ісі палестиналықтардың жаппай босып кетуіне себеп болды. Сондықтан адам құқығын ашық түрде бұзу саналады.

Тегтер