Ресейде экстремистердің сайлауға қатысуына жол бермеу үшін жаңа заң қабылданды
(last modified Thu, 03 Jun 2021 16:13:36 GMT )
Маусым 03, 2021 22:13 Asia/Almaty
  • Ресейде экстремистердің сайлауға қатысуына жол бермеу үшін жаңа заң қабылданды

Ресей Думасы сәрсенбі күні бірауыздан экстремистерге қарсы заң қабылдады. Ол бойынша экстремистік топтардың басшылары, мүшелері мен демеушілерінің Ресейдегі сайлауларға қатысуына тыйым салынады.

Ресей соңғы жылдарда осы елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін экстремистік топтардың, әсіресе тәкфирлік топтардың іс-қимылдарының алдын алу мақсатында ауқымды шаралар атқарды. Экстремистік-тәкфирлік топтар Ресейде көбіне лаңкестік әрекеттер жасаумен айналысса да, экстремизмге қарсы бекітілген заң экстремистік топтардың басшылары, мүшелері мен демеушілерінің Ресейдегі сайлауларға қатысуына тыйым салудың механизмі болады. Экстремистік топтардың жасырын жақтастары осы елдің түрлі сайлауларына, соның ішінде парламентік сайлауға білдіртпей қатысып, заңды органдарға кіріп, бүлдіргі әрекеттерге баруы мүмкін. Ресейлік сенатор Андрей Климов осы жөнінде: «Ешбір өркениетті ел экстремистерге ресми органдарға кіруге жол бермейді»,-деді.   

Қазіргі таңда экстремизмге қарсы заң Ресей үкіметін әлсіретіп, құлатуды қалайтын батысшыл ағымдар және қозғалыстармен күресу үшін бекітілген сыңайлы.

Осындай ағымдардың бірінің басшысы саналатын Алексей Навальный қазір жасаған қылмыстары үшін түрмеде отыр. Батыс елдері, әсіресе АҚШ пен Еуропа одағы Мәскеуге Навальныйды босатуға көндіру мақсатында ауқымды саяси қысым жасап, санкциялар салды.

Енді Ресейде бір сот «Ресей үкіметінің батысшыл оппозиционерлерінің басшысы Алексей Навальныйдың саяси арнасы экстремистік құрылымдардың қатарына кіре ме, жоқ па?» деген сұраққа қатысты шешім қабылдайтын болады.

Бұдан бұрын Ресейдің  қаржы операцияларын бақылайтын ұйым Алексей Навальныйдың арнасын осы елдегі экстремистік топтардың қатарына қосатынын мәлімдеді.

Ресейдің прокуратуралары осы елдегі жемқорлықпен күресу сылтауымен құрылған Навальныйдың арнасын тоқтатып, сот органдарынан осы топты әл-Каида мен ДАИШ лаңкестік топтары сияқты экстремистік топтардың тізіміне енгізуді сұрады.

Ресей үкіметінің сыншысы Алексей Навальный оппозиционерлердің басшысы ретінде әрдайым Еуроодақ пен АҚШ-тың ауқымды қолдауына ие болып, соңғы жылдарда үкіметке қарсы наразылықтарда маңызды рөл атқарды. Батыстықтардың ішкі іске араласушылық әрекеттері Ресейде тұрақсыздық тудырып, наразылықтарды арттырып, ақырында өздері қалайтын өзгерістерді  қалыптастыруға жағдай жасауды көздейді.  Еуроодақ пен АҚШ-тың осы жолдағы ең айқын әрекеттерінің бірі – қаржылай көмекті арттыру, оппозиционерлерге жан-жақты ақпараттық  қолдау көрсету және Ресейде теріс кеңістік тудыру.  

Қазіргі таңда Ресейдің заң шығарушы органы экстремизмге қарсы заң бекіту арқылы Навальный, оның саяси арнасы мен жақтастарының жолына заңды түрде тосқауыл қойып, іс жүзінде батысшылдардың елдің мемлекеттік мекемелеріне еніп, атқарушы органда түрлі лауазымды орындарға қол жеткізуіне кедергі жасауды мақсат тұтады.