Маусым 05, 2021 17:30 Asia/Almaty
  • Иранның БҰҰ Бас ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылуы –  АҚШ-тың экономикалық терроризмінің тағы бір салдары

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш: «Иран БҰҰ жарғысының 19-бабына сәйкес осы ұйымға мүшелік жарнаны төлеуді кешіктіргеніне байланысты Бас ассамблеяда дауыс беру құқығынан айырылу алдында тұр»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жеке парақшасында осы мәселеге реакциясында: «Қара ақ болып көрінетін әлемде БҰҰ Иранды қарызына байланысты Бас ассамблеяда дауыс беру құқығынан айырды»,-деп жазды.

Назарға алынбаған нәрсе мынау: Иранға қарсы экономикалық терроризм БҰҰ-ның жарнасы тұрмақ, азық-түлікке төлеуге мұрсат бермей отыр.  

Зариф: «БҰҰ бұл қарызды АҚШ-тың соңғы теңіз қарақшылығы кезінде қолға түсірген 110 млн долларынан өндіріп алса болады»,-деп еске салды.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың 110 млн доллар ұрлағанына меңзеу арқылы Вашингтонның бір теңіз қарашылығынан кейін Иранның шамамен 1 млн баррель шикі мұнайын сатқанын әшкереледі.

Associated Press ақпарат агентігінің бірнеше күн бұрын хабарлауынша, АҚШ  БАӘ-нің Фаджира жағалауында тәркілеген «Ашилас» танкеріндегі 2 млн баррель мұнайдың әр баррелін шамамен 55 доларға сатып жіберді.  

Иранның БҰҰ-ға мүшелік жарна төлемеу мәселесін шын мәнінде екі тұрғыдан қарауға болады:

Бір жағынан Иранның қаржы көздері мен валюталық табыстарына қолжетімділікке шектеулер қойылды. АҚШ-тың біржақты санкциялары салдарынан Иран шет елдердегі есеп-шоттарынан қаржы операцияларын жасауда қиындыққа ұшырады.

Антониу Гутерреш: «БҰҰ Бас ассамблеясында көңіл аударылмай келе жатқан басты да маңызды мәселе мынау: мүшелік жарнаны төлеуді кешіктіру және Иран халқы мен экономикасына тигізілген басқа да зияндардың себебі – АҚШ-тың экономикалық терроризмі»,-деді.

Басқа жағынан БҰҰ-ны құрал ретінде пайдалануға жағдай жасаған құрылымдық әлсіздіктер бар.

Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Маджид Шоджаи осы салада: «БҰҰ-дағы қаржылай қиындықтар – әрдайым осы ұйымның жұмысына әсер ететін мәселелердің бірі. Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесінің вето құқығы – БҰҰ-да шешім қабылдау және шара қолданудағы кемсітушіліктің бірі. Кейбір елдер бюджетті қамтамасыз етумен қоса, қаржылай сый беру арқылы БҰҰ-ға ықпал етеді. Мұны жазылмаған вето құқығы деп атауға болады»,-деді.   

Тегтер