Оппозициялық топтар Ердоғанның отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті
Оппозициялық топтар Түркия президентін қызметінен кетуге және мерзімінен бұрын парламенттік және президенттік сайлау өткізуді талап етті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, , Түркияның Демократия және прогресс партиясының төрағасы Али Бабаджан Түркияның шығысында партияның жаңа кеңсесінің ашылу салтанатында: «Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған биліктен бас тартпаса, мемлекет күн сайын зардап шегеді»,- деді. Түркияның бұрынғы премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы да Ердоғанға шабуыл жасап, оны Түркиядағы ең үлкен надан деп атап: «Сіз экономиканы жөндей алмай, адамдарды қиындықтарға шырмадыңыз»,- деді. Ердоған үкіметіне оппозициядағы ең ірі партия - Республикалық халықтық партияның жетекшісі Файек Озтрак: «Халықтың сеніміне қиянат жасаған билікпен қоштасатын кез келді»,- деп айтты.