АҚШ-та ұшақ ұрлауға талпыныс жасалды
Маусым 07, 2021 14:51 Asia/Almaty
АҚШ-тағы бір әуе рейсінде ұшақ ұрлау оқиғасы орын алды. Ұшақтағы қауіпсіздік қызметкерінің араласуымен күдікті ер адам құрықталды.
АҚШ-та Delta Air әуе компаниясының Лос-Анджелестен Нашвиллге бағыт алған ұшағында бір адам ұшқыштар кабинасына кіруге талпынғандықтан ұшақ Нью-Мексика әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Ұшқыштар кабинасына күшпен басып кірмек болған ер адам қауіпсіздік қызметкері мен экипаж мүшелері тарапынан құрықталды.
Тегтер