Зариф Блинкинге: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабын оқыңыз
(last modified Tue, 08 Jun 2021 12:06:26 GMT )
Маусым 08, 2021 18:06 Asia/Almaty
  • Зариф Блинкинге: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабын оқыңыз

ИИР-ның Сыртқы істер министрі америкалық әріптесінің «Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралғысы келеді ме және оған дайын немесе дайын емес екендігі белгісіз» деген сөздеріне реакция білдіріп: «Келісімнің 36-шы бабың оқу жеткілкіті»,- деді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша,  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғанына назар аудармастан Өкілдер палатасының халықаралық қатынастар комитетінде: «Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға дайын немесе дайын емес екендігі әлі анық емес»,- деп мәлімдеді.

Мохаммад Джавад Зариф  АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөздеріне жауап ретінде Twitter-де: «Қазіргі уақытқа дейін АҚШ үкіметінің елдің бұрынғы президенті  Дональд Трамп пен   мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның саясатынан бас тартуға дайын әлде дайын емес екендігі белгісіз.    АҚШ-тың қазіргі  президенті мен Блинкеннің Трамп пен Помпеоның барша қысым көрсету саясатынан бас тартуға және экономикалық терроризмді саудаласудың құралы ретінде пайдалануды тоқтатуға дайын әлде дайын емес екендігі белгісіз. Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды. Оның 36-шы бабын оқу жеткілікті. Бағытты өзгертетін уақыт келді»,- деп жазды.