Ресейдің «Ашық аспан» келісімінен ресми шығуы - АҚШ-тың әрекетіне реакциясы
Ресей Президенті Владимир Путин дүйсенбі күні (7 маусымда) АҚШ-тың жаңа үкіметі келісімге қайта қосылудан бас тартқаннан кейін елінің «Ашық аспан» келісімінен шығуы туралы заңға қол қойды. Мәскеу Вашингтонның келісім-шартқа оралмауы туралы шешімін саяси қателік деп мәлімдеді.
«Ашық аспан» шарты - 34 ел арасындағы барлау ұшақтарының келісімге мүше мемлекеттердің территорияларының үстінен ұшуына рұқсат беру туралы келісім. Бұл келісім-шартқа 1992 жылы қол қойылып, 2002 жылдан бастап күшіне енген келісім болып, қырғи қабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі сенімді нығайту жөніндегі халықаралық күш-жігердің бір бөлігі саналды. Трамп үкіметі 2020 жылдың 22 қарашасында АҚШ-тың «Ашық аспан» келісімінен ресми түрде шығатыны туралы мәлімдеме жасады. Бірақ Ресей қару-жарақты бақылау жөніндегі келісімдерді сақтау үшін алдымен 34 мемлекет қол қойған келісімді сақтайтынын мәлімдеді. Содан кейін Ресей Ашық аспан» келісімшартының тиімділігін сақтау және оның жойылуына жол бермеу мақсатында АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастары болып табылатын еуропалық мүшелеріне практикалық ұсыныстар жасады, бірақ олар еленбеді және айыпталды. Ресей АҚШ-тың осы маңызды келісімшартқа қатыспай-ақ НАТО-ға мүше елдердің қару-жарағын бақылау арқылы Ресей туралы ақпарат ие болатындығына және осылайша, Ресей мен АҚШ арасындағы әскери техникадағы ақпараттық тепе-теңдіктің бұзылуына қатты алаңдаушылық білдірді. Бұл мәселелерді ескере отырып, Ресей алғаш рет 2021 жылы 15 қаңтарда «Ашық аспан» келісімінен шығатынын жариялады, ал Ресей Сыртқы істер министрлігі өз келісімнен шығу процесін бастайтынын мәлімдеді.
АҚШ саясаттанушы Ричард Вайц: «АҚШ-та әртүрлі себептерге байланысты, соның ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен жерсерігі мен қуатты барлау құралдарын сатып алуына байланысты ұзақ уақыт бойы«Ашық аспан» келісімінен шығу талқыланып келеді. Басқа жақтан АҚШ-тың барлау қызметін жаңарту үшін 100 миллион доллардан астам қаржы қажет, сондай-ақ АҚШ Ресей келісімді тиісті деңгейде орындамайды деп санайды»,- деді.