Макронға қол көтеру оқиғасы көп талқылануда
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы сапары барысында Франция Президентінің бір жас жігіттен таяқ жеуі осы елдің саяси-әлеуметтік ортасында кең талқыланды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Франция Премьер-министрі Жан Кастекс ел басшысы Эммануэль Макронға қол көтеруді демократияны қорлау деп атады.
Франция экономика министрі Брюно Ле Мэр: «Макронға қол көтеру осы ел халқына құрметсіздік көрсету болып саналады. Президенттің қадір-қасиетіне сызат түсірілді»,-деді.
Франция Президенті сейсенбі күні елдің оңтүстік-шығысында Дром қаласына сапары барысында халық алдына шыққанда наразылардың бірі кенеттен оған қатты шапалақ ұрды.
Бейтаныс адам Франция Президентіне қол көтермес бұрын «Макронға өлім» деп ұрандатқан екен.