Маусым 10, 2021 17:26 Asia/Almaty
  • Ресейдің Sputnik V вакцинасының тоғызыншы партиясы Иранға жіберілді

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Ресейдің Sputnik V вакцинасының тоғызыншы партиясы жүз мың дозада бүгін, бейсенбі күні Mahan әуе компаниясы арқылы Иранға жеткізілді.

Осы партияны қосқанда Ресейдің Иранға тапсырған вакцина дозасы 1 млн-ға жақындап қалды.

Иран мен Ресей Sputnik V вакцинасының 2 млн дозасын сатып алу туралы келісіммен қоса, 30 млн адамды вакцинациялауға қажетті 60 млн доза сатып алу туралы келісімге қол қойды. Осы келісім бойынша, биыл Иранға вакцина партия-партиямен жіберіліп тұратын болады.

Тегтер