Иран, Ауғанстан және Түркия Сыртқы істер министрлері Ауғанстанның бейбітшілік процесіне қатысатындарын қуаттады
Маусым 20, 2021 18:16 Asia/Almaty
ИИР, Түркия және Ауғанстан Сыртқы істер министрлері үш елдің Ауғанстандағы бейбітшілік процесі мен аймақтағы терроризмге қарсы күреске белсенді қатысуын баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Джавад Зариф, Мевлют Чавушоглу және Мұхаммад Ханиф Атмар жексенбіде Түркияның Анталия қаласында өткен үшжақты кездесуде үш елдің Ауғанстандағы бейбітшілік процесіне және терроризмге қарсы күреске белсенді қатысатындарын мәлімдеді.
Иранның байланыс жолдары арқылы Ауғанстанмен транзиттік ынтымақтастық, сондай-ақ осы елмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту осы кездесудің басқа келісімдері болды.
Тегтер