Маусым 25, 2021 20:59 Asia/Almaty
  • Ресей мен Ұлыбританияның бұрын-соңды болып көрмеген әскери текетіресі; НАТО-ның Мәскеуге қысымының күшеюі

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні елдің суларына НАТО кемелерінің заңсыз кіруін қайталануы туралы ескертті.

 

Кремльдің баспасөз өкілі Дмитрий Песков пен Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова да HMS Defender эсминецінің Қырым суларына келуін алдын-ала ойластырылған және арандатушылық әрекет деп сипаттады. Ресей Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні Ұлыбритания елшісін шақыртып,   Ұлыбритания әскери-теңіз күштері Қырым жағалауында арандатушылық әрекетін қайталаса, Қара теңізде орналасқан британ кемелерін бомбалайтыны туралы ескерту жасады. Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде Қара теңіздегі Ресейдің аумақтық суларын бұзғаннан кейін ресейлік ұшақтың әскери кемеге ескерту оқ атқанын жоққа шығарып: «Корольдік теңіз флоты кемесі халықаралық заңнамаға сәйкес Украина суларынан қауіпсіз өтуде»,- деп мәлімдеді. Сәрсенбі күнінің түсіне дейін Ресейдің жағалау-патрульдік фрегаты Қара теңіздегі Фиолент мүйісі маңында Ресейдің теңіз шекарасын бұзғаны үшін британдық Defender эсминеціне оқ атты. Ресейдің Су-24М истребителі де эсминецке ескерту жасап, оның траекториясын бомбалады. Бұл қырғи қабақ соғыстан кейінгі кезеңде Ресейдің әскери теңіз флоты мен НАТО-ның маңызды мүшесі Ұлыбритания арасында Ресейдің өзінің деп санайтын суларында мұндай жақын және қауіпті қақтығыс бірінші рет орын алды. Бір қызығы, Лондонның халықаралық құқықты бұзатын және ешқандай заңсыз әрекет жасамағаны туралы уәжденуі. Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон бейсенбі күні эсминецтің Ресейдің теңіз шекарасын бұзу әрекетін қорғады. Ол: «Менің ойымша, халықаралық суларды пайдалану толық дұрыс болды. Маңыздысы - біз Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамаймыз. Бұл украин сулары, сондықтан оны бір жерден бір жерге өту үшін пайдалану дұрыс»,- деді. Іс жүзінде Ұлыбритания Премьер-министрі өз сөзінде екі мәселені мойындады. Біріншіден, Ұлыбританияның әскери кемесінің әрекетінің Мәскеудің аймақ сулардағы егемендігін жоққа шығару және Қырым түбегі маңындағы сулардың  Ресейдің меншігіне кіргенін біле тұра қасақана және арандатушылық әрекет болғанын. Екіншіден, бұл қадам Лондонның Мәскеудің Қырым мен Севастопольге қатысты ұстанымын теріске шығару және Британияның Еуропа мен АҚШ басшыларымен сан рет қайталанған батыстың ұстанымына қолдау білдіру болды. Тіпті кейбір сарапшылар британдық эсминецтің әрекетін іс жүзінде НАТО-ның Қырымды басып алуы және оны Украинаның құрамына қайтару жөніндегі ықтимал әскери операциясының жаттығуы болды деп мәлімдеді. Не дегенімен британдық кеменің Ресей өз меншігі деп санайтын судағы әрекеті өте қауіпті қадам және Мәскеудің өзінің аумағын қорғау шешімін дағдарысқа тіреу олып табылады. Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы  Мұртаза Хонсари: «НАТО мен Ресей еуропалық соғыс болған жағдайда оның екі дүниежүзілік соғыс сияқты жойқын болатынын біледі. Сондықтан екі жақ тікелей бетпе-бет келгісі келмейді және оның орнына қысқа және орта мерзімді саяси және әскери тактикалар қарастырылады»,- деді. Қорыта айтқанда, британдық кеменің бұл әрекеті жақсы есептелген және әдейі жасалған және НАТО-ның Ресейге қысымды күшейту тәсілін көрсетеді.

 

Тегтер