«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жаңдануы АҚШ пен Еуропаның шешіміне байланысты
(last modified Fri, 02 Jul 2021 13:38:54 GMT )
Шіл 02, 2021 19:38 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жаңдануы АҚШ пен Еуропаның шешіміне байланысты

Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Енді кезек АҚШ пен үш еуропалық мемлекетте. Олар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін толық орындау туралы қатаң шешімдер қабылдауы керек»,- деді.

 

Маджид Тахтрванчи Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ Бас хатшысының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарының орындалуы туралы есебін қарау отырысында: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келіссөздері кезінде де, оны аяқтау және жүзеге асыру кезінде де өзінің толық шынайылығын дәлелдеді»,- деді. Джо Байденнің әкімшілігі АҚШ-та билікке келген кезде, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралу туралы шешім қабылданды, содан кейін осы мақсатта Вена келіссөздері жүргізілді. Осы уақытқа дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру туралы Вена келіссөздерінің алты кезеңі өтті. Бірақ АҚШ бұл келісімге қайтып оралу туралы күрделі саяси шешімін әлі қабылдай алмады. АҚШ пен еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының алдындағы міндеттемелерін бұзғандарын ескере отырып,  Иран осы келісімді жандандыру үшін жеткілікті кепілдіктерге ие болуы қажет. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу тәжірибесін ескере отырып, бұл жағдай оңайлықпен қайталанбауы үшін Иранның кепілдік алу  құқыға ие. Байден үкіметінің әрекеттері осы уақытқа дейін Дональд Трамп үкіметінен өзгеше болған жоқ, сондықтан АҚШ-тың өз міндеттемелеріне толықтай оралуына деген сенімсіздік әлі де бар.  Венадағы келіссөздерде тараптардың соңғы міндеттемелеріне оралуына қатысты баррлық мәселелер талқыланды, енді АҚШ пен Еуропаның үш елі үшін қатаң саяси шешімдер қабылдау уақыты келді. АҚШ-тан кепілдік сұраумен қатар, Теһран АҚШ-тың Иранға қарсы барлық санкциялардың алынып-тастауын сынақтан өткізбек. Иранның көзқарасы бойынша екінші тараптың міндеттемелерін орындауын тексеру қажет. Иран екінші тараптың өз міндеттемелерін орындауына көз жеткеннен кейін өз міндеттемелерін орындайды.  Осы күндері АҚШ басшылары үшін Иранның екі маңызды мәселеге, яғни кепілдіктер мен тексерулерге деген сезімталдығы жағдайды екі есе қиындатты.  Иран ұлттық мүддесіне тиісті кепілдік берілмесе, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының  қайта жандануына оңай қол қойылмайды.