Иранның Ресейдегі елшісі: Еуразиялық одақ - маңызды және болашағы зор инвестициялық одақ
https://itolqyn.com/news/world-i53870
ИИР-ның Ресейдегі елшісі Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық субъектілер үшін маңызды және болашағы зор одақ екенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 11, 2021 16:02 Asia/Almaty
  • Иранның Ресейдегі елшісі: Еуразиялық одақ - маңызды және болашағы зор инвестициялық одақ

ИИР-ның Ресейдегі елшісі Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық субъектілер үшін маңызды және болашағы зор одақ екенін қуаттады.

Казем Джалали: «Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы ұзақ келіссөздері мен күш-жігерінің нәтижесінде қол жеткізілген  преференциалды сауда туралы келісім Иран мен осы Одаққа мүше елдер арасындағы сауда көлемін ұлғайтуға айтарлықтай әсер етті»,- деді. Джалали Иранның логистика саласындағы жұмыстарына тоқталып: «Иран аймақтық дәліздер арқылы еуразиялық сауданы жеңілдете алады»,- деп мәлімдеді. Иранның Ресейдегі елшісі Әзірбайжан, Арменияға және Түрікменстанға қатынайтын теміржол бағыттарын маңызды солтүстік-оңтүстік, шығыс-батыс және орта дәліздер ретінде бағалады және осы теміржол бағыттарының қайта жандана түсуіне үміт білдірді.