Иранның Ресейдегі елшісі: Еуразиялық одақ - маңызды және болашағы зор инвестициялық одақ
ИИР-ның Ресейдегі елшісі Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық субъектілер үшін маңызды және болашағы зор одақ екенін қуаттады.
Казем Джалали: «Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасындағы ұзақ келіссөздері мен күш-жігерінің нәтижесінде қол жеткізілген преференциалды сауда туралы келісім Иран мен осы Одаққа мүше елдер арасындағы сауда көлемін ұлғайтуға айтарлықтай әсер етті»,- деді. Джалали Иранның логистика саласындағы жұмыстарына тоқталып: «Иран аймақтық дәліздер арқылы еуразиялық сауданы жеңілдете алады»,- деп мәлімдеді. Иранның Ресейдегі елшісі Әзірбайжан, Арменияға және Түрікменстанға қатынайтын теміржол бағыттарын маңызды солтүстік-оңтүстік, шығыс-батыс және орта дәліздер ретінде бағалады және осы теміржол бағыттарының қайта жандана түсуіне үміт білдірді.