Ресейде коронавирустық инфекциядан өлімнің антирекорды тіркелді
https://itolqyn.com/news/world-i53914-Ресейде_коронавирустық_инфекциядан_өлімнің_антирекорды_тіркелді
Ресейде коронавирус жұқтырған 780 адамның қайтыс болуымен эпидемия басталғаннан бері елдегі күнделікті өлім санының тағы антирекорды тіркелді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 13, 2021 20:01 Asia/Almaty
  • Ресейде  коронавирустық инфекциядан  өлімнің антирекорды тіркелді

Ресейде коронавирус жұқтырған 780 адамның қайтыс болуымен эпидемия басталғаннан бері елдегі күнделікті өлім санының тағы антирекорды тіркелді.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі құрбандардың көбінің «дельта» вирусы деп аталатын үнді  штамның салдарынан қайтыс болғанына тоқталып: «Қайтыс болғандардың жалпы саны 144 мың 499 адамға жетті.  Індет жұқтырғандардың күнделікті саны 24702 адамға дейін ості және науқастардың жалпы саны 5833175 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.