Әлемнің түкпір-түкпірінде нөсер жаңбыр су тасқынына әкелді
https://itolqyn.com/news/world-i54004-Әлемнің_түкпір_түкпірінде_нөсер_жаңбыр_су_тасқынына_әкелді
Германия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург және Швейцарияда толассыз жауған жаңбыр өзендердің тасуына әкеліп, мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 17, 2021 16:58 Asia/Almaty

Германия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург және Швейцарияда толассыз жауған жаңбыр өзендердің тасуына әкеліп, мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.

Соңғы мәліметтер бойынша Германияда кем дегенде 133 адам қаза тапты. Бельгияда кем дегенде 20 адам қаза тауып, 20-дан астам адам із-түссіз жоғалып кетті. Нидерландыдағы су тасқыны да мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды. Түркияның солтүстігіндегі Ризе облысындағы тасқын судан қаза тапқандардың саны да сегізге жетті.