Әзірбайжан мен Армения арасындағы шекарада шиеленіс жалғасуда
(last modified Sat, 17 Jul 2021 13:58:32 GMT )
Шіл 17, 2021 19:58 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения арасындағы шекарада шиеленіс жалғасуда

Әзірбайжан мен Армения басшылары 9 қарашада түн ортасында Ресейдің арағайындығымен Қарабақ бейбітшілік келісіміне қол қойған кезде, атысты тоқтату ережелерін бұзу мәселесі аймақтық БАҚ-тың айдарларына қайта оралды.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары Әзірбайжан мен Армения әскерлерінің шекара маңындағы аудандарда тағы да қақтығысқанын хабарлады. Армения Қорғаныс министрлігі: «Өткен жұма, 16 шілде күні түсте Әзірбайжан күштері Арменияның Ерасх шекаралас аймағында орналасқан армян күштеріне оқ жаудырды және бұл елдің күштері жауап қайтарды»,- деп жариялады.  Агдара, Агдам, Физули және Хадрут аудандарында атыс тоқтату келісім бұзылды.  9 қараша түнгі 12-де Таулы Қарабақ бейбітшілік келісіміне қол қойылғаннан бастап, күн сайын атысты тоқтату келісімді бұзу саны артып келеді. Таулы Қарабақ бейбітшілік келісіміне қол қоюдың басында атысты тоқтату ережелері көп бұзылмаған. Бірақ уақыт өтіп, Баку-Ереван қайшылықтары күшейген сайын, атысты тоқтату ережелері бұзыла бастаған сияқты. Баку мен Ереван арасындағы атысты тоқтату келісімінің бұзылуының басты себебі, шетелдік үкіметтердің араласуы болып табылатындығын ескермеуге болмайды. Шын мәнінде, Бакудегі және Еревандағы шетелдік күштердің әсері және шетелдіктердің аймақтағы тәуелсіз үкіметтердің ұстанымдарына әсері атысты тоқтату режимін бұзудың маңызды факторлары болып саналады. Мысалы, Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянның Таулы Қарабақ бейбітшілік келісіміне қол қоюына келісім бергеніне қарамастан, кейбір шетелдік араласулар Армениядағы халық наразылығына себеп болды. Батыс үкіметтерінің Армения мен Таулы Қарабах армяндарының ұстанымдарын қолдауы туралы айтуға болады.  Таулы Қарабақтың екінші соғысы кезінде АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшы Майк Помпео: «Арменияның өзін Әзірбайжаннан қорғай алатынына үміттімін»,- деді. Бұл АҚШ-тың Армения мен Таулы Қарабах армяндарының ұстанымдарын қолдауын білдірді. 9 қарашада Таулы Қарабақ бейбітшілік келісіміне қол қойылғаннан кейін АҚШ пен  Франция басшыларының бұл бейбітшілік келісіміне ресми қарсылық білдіруі олардың  Таулы Қарабақ жанжалында бейтарап емес екенін көрсетті. Сол кездегі АҚШ Мемлкет хатшысы мен Франция Сыртқы істер министрінің Таулы Қарабақ бейбітшілік келісіміне қол қойылғаннан кейін келісім ЕҚЫҰ Минск тобы басшыларының қатысуынсыз жасалғандықтан ғана оған қарсылық білдіретіндерін мәлімдеді. Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Батыс үкіметтерінің мұндай ұстанымына жауап ретінде мәлімдеме жасап: «АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөздері Вашингтон мен Париждің ЕҚЫҰ Минск тобының екі мүшесі ретінде Таулы Қарабақ жанжалын шешу ұстанымына сәйкес келмейді.

Сарапшылар атысты тоқтату режимін бұзудың және Әзірбайжан мен Армения арасындағы қазіргі әскери қақтығыстың ушығуының басты себептерінің бірі шетелдік үкіметтердің араласуы деп санайды. Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Патрик Сахакян: «Таулы Қарабах аймағындағы соңғы қақтығыстар Түркияның араласуының нәтижесі болып көрінеді. Себебі Сирия мәселесінен кейін бұл ел түркітілдес одақ идеясын жүзеге асыруға тадпынуда және қауіпсіздік күштерін орналастыру арқылы Таулы Қарабақты басып алғысы келеді», - деді. Осыған байланысты Армения билігі де шетелдіктердің араласуына қарсы мықты ұстанымдарын білдірді. Мысалы, Армения президенті Армен Саркисян Оңтүстік Кавказда террористік оралықтың құрылуы туралы ескертіп: «Иран мен Ресейдің арағайындығына қарамастан, армян-араб қақтығысы Таулы Қарабах дағдарысының бұлыңғыр әрі күрделі болашағын болжайды»,- деді. Жалпы бөгделердің араласулары Әзірбайжан мен Арменияның мүдделерінде өте зиянды деп айту керек.