Раиси: Иран сенімді дос әрі мықты серіктес екенін дәлелдеді
Иранның қалаулы президенті Катар Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Иран сенімді дос әрі мықты серіктес екенін дәлелдеді»,-деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Але Санимен кездесуінде Иран мен Катар халықтарының бір-біріне діни бауыр әрі аймақтық серіктес екенін айтып: «Теһран үшін Дохамен қарым-қатынас аса маңызды. Иранның келесі үкіметінің сыртқы саясатындағы басым бағыт – көршілес елдер»,-деді.
Катар Сыртқы істер министрі осы кездесуде Раисиді сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Катар әмірінің сәлемін жеткізіп: «Катар екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін әріптестік жасап, ИИР-ның көмегімен аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді»,-деді.