Қытайдың шығысында дауыл болды
Шіл 27, 2021 19:39 Asia/Almaty
Қытайдың орталық аймағында бұрын-соңды болмаған жойқын су тасқынынан бірнеше күн өткен соң осы елдің шығыс өңірінде дауыл болды.
Қытайдың шығыс аудандарында орын алған 137 км/сағ жылдамдықтағы дауылдан кейін ауыр жауын-шашын және су тасқыны болады.
Қытайдың Джавашань қаласында орын алған "Ин-Фа" дауылы топырақ көшкініне себеп болды, кейбір аудандарда қоғамдық көліктер тоқтап қалды. Халыққа үйде қалуға ескерту жасалды. Бұл дауыл бұрын-соңды болмаған тарихи су тасқынынан кейін орын алды. Су тасқыны Қытайдың орталық бөлігіне ауқымды зиян тигізіп, 58 адамның қаза болуына әкеліп соқтырды.
Тегтер