Иран теңіздегі оқиғалардың қолдан жасалғаны туралы ескертіп, мұны доғаруды талап етті
(last modified Thu, 05 Aug 2021 11:30:44 GMT )
Там 05, 2021 17:30 Asia/Almaty
  • Иран теңіздегі оқиғалардың қолдан жасалғаны туралы ескертіп, мұны доғаруды талап етті

Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі басшысының орынбасары осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесі басшысына хат жолдап, Парсы шығанағы мен одан тысқары жерлерде оқиғаларды қолдан жасауға бағытталған күдікті талпыныстар туралы ескертіп, аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақсыздығына зиян тигізетін осындай жауапсыз әрекеттерді доғаруды талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Захра Ершади БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі басшысына хатында Ұлыбритания, Румыния мен Либерияның Иранға қарсы уәждерін негізсіз деп атап, қабылдамай тастады.

Иранның хатында: «Ұлыбритания, Румыния мен Либерия өз уәждерін дәлелдеу үшін ешбір айғақ келтірместен, олардың сенімсіздігін көрсететін «өте ықтималды», «бастапқы бағалаулар» және «бір немесе бірнеше ұшқышсыз ұшақ» сияқты сөздер мен «халықаралық серіктестер» деген бұлыңғыр ұғымды пайдаланып, өзінше ИИР-ды «Мерсер Стрит» кемесіне шабуыл жасады деп айыптауға тырысты»,-делінген.

Ершади бұл хатта: «Шабуыл болғаннан кейін ілезде Израиль тарапынан айтылған бұл ашық саяси мақсаттағы негізсіз уәждер шындыққа жанаспайды, саяси-ақлақтық тұрғыдан жауапсыз әрекет. Сол себепті ол кесімді түрде теріске шығарылады»,-деді.