Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері Теһранда кездесті
Там 10, 2021 17:34 Asia/Almaty
Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері Теһранда кездесіп, кеңесті.
Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейн сейсенбі күні Иран басшыларымен жүздесу мақсатында Теһранға келіп, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, сұхбаттасты.
Осы кездесуде екіжақты қарым-қатынас, соңғы аймақтық жəне халықаралық өзгерістер талқыланған.
Болжамдар бойынша Ирак Сыртқы істер министрі осы сапар барысында Иран басшыларына Бағдат халықаралық отырысына қатысуға шақыру хатын тапсырады.
Иракта тамыз айының аяғында аймақтағы кейбір араб елдерінің қатысуымен халықаралық отырыс өтеді деп жоспарланған.
Тегтер