Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлері Қазақстанға тасымалданды
(last modified Thu, 19 Aug 2021 13:52:07 GMT )
Там 19, 2021 19:52 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы БҰҰ қызметкерлері Қазақстанға тасымалданды

БҰҰ Ауғанстандағы өзінің 100-ден аса қызметкерін Қазақстанға тасымалдады.

Al-Jazeera ақпарат арнасының хабарлауынша, БҰҰ бас хатшысының ақпарат өкілі Стефан Дуджарик: «Қауіпсіздік жағдайына байланысты Ауғанстандағы 100-ден аса қызметкерді Қазақстанның Алматы қаласына көшіріп жатырмыз»,-деп мәлімдеді.  

Жексенбі күні, 15 тамызда Талибан күштері еш қақтығыссыз және қарсылықсыз Кабулға кіріп, Ауғанстан астанасын толық бақылауына алды.