Қырғызстанда Еуразия елдері басшыларының отырысы өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i54698-Қырғызстанда_Еуразия_елдері_басшыларының_отырысы_өтеді
Еуразия экономикалық одағына мүше елдер басшыларының отырысы бүгін Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 20, 2021 16:07 Asia/Almaty
  • Қырғызстанда Еуразия елдері басшыларының отырысы өтеді

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер басшыларының отырысы бүгін Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтеді.

Осы отырыста Еуразияда бір аймақтық ұйым құру мәселесі күн тәртібіне қойылады. Сондай-ақ өзара сауда және тарифсіз шаралар интеграциясынан туындайтын сақтандыруды қолдау және экспортқа қатысты кедендік алымдар туралы мәселелер талқыланады.

Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин, Қырғызстан Премьер-министрі Ұлықбек Марипов пен Еуразия экономикалық комиссиясының басқарма кеңесінің басшысы Михаил Мясникович осы отырысқа қатысатын болады.