Иран мен Ауғанстанның сауда үдерісі қайта қалпына келді
https://itolqyn.com/news/world-i54812
Иран Кеден басқармасының ақпарат өкілі: «Өткен бір жарым айда баяулап қалған Иран мен Ауғанстанның сауда үдерісі қайта қалыпты жағдайға түсті»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 25, 2021 17:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Ауғанстанның сауда үдерісі қайта қалпына келді

Иран Кеден басқармасының ақпарат өкілі: «Өткен бір жарым айда баяулап қалған Иран мен Ауғанстанның сауда үдерісі қайта қалыпты жағдайға түсті»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, Рухолла Латифи: «Өткен бір жарым айда Ауғанстанда болған оқиғалар мен өзгерістерге байланысты Иранның осы елмен саудасы тоқтаған жоқ. Тек Махируд шекарасы 24 сағаттан аз уақытқа, Дуқарун шекарасы 3 күннен аз уақытқа Милак шекарасы 5 күннен аз уақытқа жабық болды»,-деді.

Латифи: «Ауғанстанда орын алған оқиғаларға байланысты кейбір күндері саудагерлер тауар көлемін азайтуға шешім қабылдады. Әрине өткен бірнеше күнде Иран мен Ауғанстан шекарасындағы үш бекетте сауда айналымы артып, қалыпты жағдайға қайта оралды»,-деді.