Қазақстан Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианды құттықтады
Қазақстан Премьер-министрі мен Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианды ИИР Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхтар Тілеуберді Хұсейн Амир Абдуллахианға жолдауында Ислам Кеңесі Мәжілісінен сенім дауысын алып, жұмысқа кіріскенімен құттықтады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі осы жолдауда екі елдің мүдделері негізінде жан-жақты әріптестіктерді одан ары дамыту жолында Каспий теңізі маңындағы тату тіршілік принципін сақтап, Иран СІМ-мен ортақ талпынысты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Мұхтар Тілеуберді екі елдің достық кеңістігінде және екіжақты мүдделер аясында өзара қарым-қатынасты жалғастыратынына сенім білдірді.