Ислам революциясының жетекшісі: ИИР Ауғанстанның жапа шеккен мұсылман халқын жақтайды
(last modified Sat, 28 Aug 2021 15:46:21 GMT )
Там 28, 2021 21:46 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: ИИР Ауғанстанның жапа шеккен мұсылман халқын жақтайды

Ислам революциясының жетекшісі: "Иран қандай жағдай болса да, Ауғанстанның езгі көрген мұсылман халқын жақтайды. Біздің үкіметтермен қарым-қатынасымыз олардың Иранмен қатынасына байланысты",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сенбі Иран Президенті мен жаңа үкімет мүшелерімен кездесуінде америкалықтардың дипломатия сахнасының артында, жағымпаз сөздер мен жымысқы күлкінің астарында жыртқыш аң мен қатерлі қасқыр жасырынғанын айтып: "Əрине олар кейде түлкідей айлалы. Мұның мысалы - Ауғанстанның қазіргі жағдайы",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Ауғанстанды Иранмен тілі, діні мен мәдениеті бір бауырлас ел деп атап, ауған халқының қиыншылықтарына, соның ішінде бейсенбі күні Кабул әуежайында болған оқиғаға терең өкініш білдіріп: "Бұл қиыншылықтар мен ауыртпалықтар - 20 жыл бойы елді басып алып, халыққа түрлі  зорлық-зомбылық көрсеткен америкалықтардың кесірі",-деді.

Аятолла Хаменеи: "АҚШ Ауғанстанның дамуы үшін бір қадам да жасаған жоқ. Қазіргі Ауғанстан 20 жыл бұрынғы азаматтық жəне əл-ауқаттық даму тұрғысынан артта болмаса, ілгерілеген жоқ",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Иранның жаңа үкімет мүшелеріне сыртқы саясатта белсене атсалысу қажеттігін айтып: "Дипломатияда экономикалық аспект нығайтылуы тиіс. Көптеген елде президенттің өзі экономикалық дипломатияны жүргізеді. Елдің экономикалық дипломатиясы осы тұрғыдан нығайтылуы тиіс",-деді.

Ол бір-екі елден басқа көршілес 15 ел мен əлемнің басқа мемлекеттерімен сауда-саттық жасау қажеттігін айтып: "Дипломатияны ядролық мəселемен байланыстырмау керек. Өйткені ядролық бағдарлама - бөлек тақырып. Ол қолайлы да лайықты жолмен шешілуі тиіс",-деді.