Хатибзаде: Иран өз мұнайын кімге сататынын өзі шешеді
https://itolqyn.com/news/world-i54912-Хатибзаде_Иран_өз_мұнайын_кімге_сататынын_өзі_шешеді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның жанармайын Ливанға жіберу туралы: «Иран жанармайын түрлі елдердегі клиенттерге жіберу – егемен елдің тәуелсіз ісі. Иран мұнайы мен жанармайын қай ел мен қай клиентке сататынымызды өзіміз шешеміз»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 30, 2021 17:29 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иран өз мұнайын кімге сататынын өзі шешеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның жанармайын Ливанға жіберу туралы: «Иран жанармайын түрлі елдердегі клиенттерге жіберу – егемен елдің тәуелсіз ісі. Иран мұнайы мен жанармайын қай ел мен қай клиентке сататынымызды өзіміз шешеміз»,-деді.

Саид Хатибзаде баспасөз отырысында: «Өз егемендігімізді танытуда өте байсалдымыз. Осы салада заңды сауда жасау халықаралық құқықтың бастапқы шарттарының бірі екенін бәрі біледі деп ойлаймын»,-деді.

Хатибзаде басқа елдер егер Ливан халқының қиыншылықтарын азайта алса, бір сәтке де кідірмеуі керегін айтып: «Ливанға жанармай сатуда да осы жолды жүріп өттік. Сұраныс болған жағдайда біз осы бағытты жалғастыратын боламыз»,-деді.