Амир Абдуллахиан Армения мен Əзірбайжан арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу қажеттігін айтты
https://itolqyn.com/news/world-i54970
Иран Сыртқы істер министрі өзінің армян əріптесімен телефон арқылы сұхбатында Армения мен Əзірбайжан қайшылықтарын бейбіт жолмен шешу керегін айтып, Иранның бұл мəселелерді шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2021 14:26 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Армения мен Əзірбайжан арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу қажеттігін айтты

Иран Сыртқы істер министрі өзінің армян əріптесімен телефон арқылы сұхбатында Армения мен Əзірбайжан қайшылықтарын бейбіт жолмен шешу керегін айтып, Иранның бұл мəселелерді шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Арарат Мирзоян Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сұхбатында оны сенім дауысын алып, Сыртқы істер министрі болуымен құттықтады. 

Амир Абдуллахиан Армения Сыртқы істер министрінің құттықтағанына алғыс айтып, халықаралық шекараларға құрметпен қарау керегін,  екі көршілес ел Армения мен Əзірбайжанның қайшылықтарын бейбіт жолмен шешу керегін қуаттап, Иранның осы қайшылықтарды шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.