Қыр 07, 2021 13:56 Asia/Almaty
  • Жапонияда америкалық вакцинадан үшінші адам қайтыс болды

Жапония Денсаулық сақтау министрлігі елде америкалық вакцина салғаннан үшінші адамның көз жұмғанын хабарлады.

49 жастағы ер адам 11 тамызда коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасының екінші дозасын алып, келесі күні қайтыс болды. Басқа екі адам тамыз айында вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін жан тапсырды. Осы үш адамның өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Moderna вакцинасының ластанғаны туралы ақпарат тарағаннан бір апта өткен соң Жапонияда бейсенбі күннен бастап 1,63 млн доза егу жұмысы тоқтатылды.

Тегтер