Талибан Кабул халқының наразылығына қатыгез қатынас көрсетті
Қыр 07, 2021 22:07 Asia/Almaty
Ауғанстан астанасы Кабул халқының Пәкістан әскерилерінің Панджшер сайына басып кіруі дегенге наразылық білдіруі Талибанның қатыгез қатынасына ұшырады.
Кабулда жүздеген наразы сейсенбі күні Пәкістанның ішкі ісіне араласуына наразылық ретінде қаланың ортасында, әсіресе Пәкістан елшілігінің алдында жиналып, тәуелсіз үкімет құрылуын талап етті. Ауғандар, сондай-ақ, Пәкістанның Панджшердегі соғысқа араласуына наразылық білдіріп, Исламабадтың Талибанға әскери қолдау көрсетуін тоқтатуын талап етті.
Наразылар Ауғанстан қорғанына қарай қозғалып бара жатқан жолда Талибан күштері оларға оқ атып, олардың қорғанға баруына тосқауыл болды.
Тегтер