Қыр 08, 2021 18:20 Asia/Almaty
  • Ғарибабади:  МАГАТЭ кәсібилігі мен бейтараптығын сақтауы тиіс

Иранның Венадағы халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі мен елшісі МАГАТЭ-нің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен ядролық қауіпсіздікті кепілдендіруге қатысты есебіне реакциясында: «Бұл ұйым өзінің кәсібилігі мен бейтараптығын сақтауы тиіс»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Ғарибабади сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Иранның барлық ядролық жұмыстары, соның ішінде түрлі сатыдағы уран байытуы, уран металын өндіруі елдің ядролық құқығы аясында және ядролық қаруларды таратпау хаттамасына сәйкес атқарылады. Және Иранның ядролық қауіпсіздікті кепілдендіру міндеттемелеріне толық сәйкес келеді»,-деді.

Ғарибабади: «Басқа тараптар ядролық келісімдегі санкцияларды жоюға қатысты міндеттемелерін орындамайды, АҚШ-тың біржақты әрі заңсыз саясаттары жалғасуда. Ешкім осы келісім аясында Ираннан ядролық жұмыстарды тоқтатуды талап ете алмайды»,-деді.  

Тегтер