Амир Абдуллахиан: Иран Ауғанстанның соғыс пен лаңкестіктен ада болуын қалайды
(last modified Wed, 08 Sep 2021 14:56:53 GMT )
Қыр 08, 2021 20:56 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран Ауғанстанның соғыс пен лаңкестіктен ада болуын қалайды

ИИР Сыртқы істер министрі Ауғанстанның бұрынғы басшысымен телефон арқылы сұхбатында: «Иран Ауғанстанның соғыс пен лаңкестіктен ада болуын қалайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы сұхбатта ИИР-ның Ауғанстанда бүкілхалықтық үкімет құру мақсатында барлық топтар арасында диалог өткізуді қолдайтынын айтып: «Ауғанстан тек осы жолмен  тұрақты бейбітшілікке жете алады»,-деді.

Хамид Карзай ИИР-дың ұстанымы мен жасаған талпыныстарына алғыс айтып: «Басқа ақсақалдармен бірге түрлі топтар, соның ішінде Талибанмен кеңесіп жатырмыз. Ираннан осы істі жеңілдетуге көмектесе беруін сұраймыз»,-деді.

Тегтер