Иран шахматтан Азия чемпионатында екінші орын алды
https://itolqyn.com/news/world-i55218
Азия университеттерінде оқитын ерлер арасындағы онлайн шахмат жарысында Иран командасы екінші орын алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 13, 2021 14:35 Asia/Almaty
  • Иран шахматтан Азия чемпионатында екінші орын алды

Азия университеттерінде оқитын ерлер арасындағы онлайн шахмат жарысында Иран командасы екінші орын алды.

Азия университеттерінің студенттері арасындағы онлайн шахмат жарысының екінші кезеңі ерлер және әйелдер бөлімдерінде 11-22 шахривар аралығында Индонезияда өтті.

Жарыс дүйсенбі күні аяқталды. Ойыншылар соңғы екі кезеңде бір-бірімен бақ сынасты. Нәтижесінде Иран командасы 22,5 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Үндістан командасы жеңімпаз атанды.