Түркия Сирияда улы газ қолданды деп айыпталды
Қыр 14, 2021 18:55 Asia/Almaty
Сирия халықтық қорғаныс бөлімшелері түрік армиясын улы газ қолданды деп айыптады.
ISNA ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Сирия халықтық қорғаныс бөлімшелері (YPG) мәлімдемесінде түрік армиясының әскери қылмыс жасағанын, Верхльдегі қарсыласу алаңына улы газбен шабуыл жасап, заңды қорғаныс аймағын тікұшақтар және әскери ұшақтармен нысанаға алғанын мәлімдеді. YPG мәлімдемесінде «Түрік әскерлері кеше де Банк ауылын, Хафтаниндегі Бирбал алаңын және Хакурактағы Тал Даштанды бомбалады» делінген. Түрік әскері соңғы екі жыл бойы лаңкестермен күресті сылтауратып, Сирияның солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерін басып алды. Бұл аймақтарда түрік әскерилері тобы әлі де бар.
Тегтер