Қыр 16, 2021 16:23 Asia/Almaty
  • Ғарибабадидің  МАГАТЭ уәждеріне жауабы

Иранның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі әрі елшісі МАГАТЭ-нің Иранда әйел тексерушілердің физикалық зорлыққа ұшырағаны туралы уәждеріне жауабында: «Бұл жалған уәждер – агенттік басқарма кеңесінің отырысы қарсаңында жасалып жатқан елді дүрліктіру әрекеті»,-деді.

Казем Ғарибабади Иран Телерадио бірлестігі  ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында агенттік тексерушілерінің бірінің Иранда тексеріс барысында физикалық зорлыққа ұшырағаны туралы уәждеріне реакциясында: «Өкінішке қарай, ядролық кешендерде бірнеше лаңкестік және бүлдіргі әрекеттер болды. Сол себепті бірнеше айдан бері ядролық кешендерді күзету саясаты өзгерді. Сол шаралардың ішіне агенттік тексерушілерін тексеру тәсілі де кіреді»,-деді.

Ғарибабади: «Бұл саясатты агенттікке жарияладық. Саясаттар әлі де оңтайландырып, күшейтіле түседі»,-деді.  

Тегтер