Путин: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерге қауіп төніп тұр
Ресей Президенті: «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер үшін жағдай тұрақсыз ғана емес, қауіпті болып тұр»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин бейсенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының отырысына бейнекоконференция арқылы қатысып: «Осы ұйым жауапкершілікке алған аумақтың шекарасында тұрақсыздық артып қана қойған жоқ, біздің елдердің қауіпсіздігі үшін жаңа түйткілдер туып отыр»,-деді.
Ресей Президенті: «Батыс коалициясы күштерінің Ауғанстаннан асығыс шығуы аймақ үшін жаңа қоқан-лоққылар тудырды. Біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төтенше отырысында осы елдің жағдайының түбегейлі өзгеруінің қатерлері жайлы пікір алмастық»,-деді.
Путин: «Осы ұйымға мүше елдер басшылары өз елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында ұйымның қарым-қабілеті мен әлеуетін пайдалану үшін кез келген жағдайға дайын болу қажеттігіне келісті»,-деп еске салды.