Иран мен Тәжікстан президенттері қарым-қатынастың дамуының жаңа кезеңіне үміт білдірді
(last modified Sat, 18 Sep 2021 08:54:53 GMT )
Қыр 18, 2021 14:54 Asia/Almaty
  • Иран мен Тәжікстан президенттері қарым-қатынастың дамуының жаңа кезеңіне үміт білдірді

ИИР Президенті мен Тәжікстан Президенті бүгін, сенбі күні таңертең кездесіп, екі халықтың діні, мәдениеті мен тілінің ортақ екендігіне сілтеме жасап, екі елдің басшыларының күш-жігерімен екіжақты экономикалық, мәдени және саяси салалардағы қарым –қатынастар мен ынтымақтастықтың дамуының жаңа кезеңінің басталатынына үміт білдірді.

 

 

Иран президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сейед Ибрахим Раиси Душанбеде Эмомали Рахмонмен кездесуінде екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндіктер бар екеніне тоқталып: «Екіжақты қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті тереңдету мен нығайту екі елдің аймақтық ынтымақтастық деңгейін жоғарылатудың негізі болады»,- деді.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон де бұл кездесуде осы күнге дейінгі ынтымақтастық пен  ирандық мамандардың бұл елде жүзеге асырған бірлескен жобаларын еске салып: «Екі елдің халқы мен үкіметі арасындағы достық екі ел арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынасты жақсарту үшін өте жақсы негіз болып табылады»,- деді.