Джо Байден: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралып, оны толық орындауға дайынбыз
(last modified Wed, 22 Sep 2021 14:47:33 GMT )
Қыр 22, 2021 20:47 Asia/Almaty
  • Джо Байден: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралып, оны толық орындауға дайынбыз

АҚШ Президенті БҰҰ Бас ассамблеясында Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралып, оны толық орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Джо Байден  БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясында: «Біз  5 +1 тобымен Иранмен дипломатиялық қарым-қатынас орнату  және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралу үшін келіссөздер жүргізуде»,- деді. Ол сөзінің бір бөлігінде: «АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеуге міндеттенеді»,- деп айтты. Байден  әлемдегі барлық мәселелердіі әскери күшпен шешілмейтініне назар аудартып: «Американың әскери қуаты бірінші емес, соңғы шара болуы керек және біз оны барлық мәселелерге жауап ретінде пайдаланбауымыз керек»,- деді.