Ресей: Иранның Шанхай ұйымына мүше болуының пайдасы зор
Қыр 24, 2021 20:52 Asia/Almaty
Ресей Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысты арнайы өкілі: «Осы ұйымға мүше елдердің Иранды ұйымға қосуға шешім қабылдауын пайдалы санаймыз»,-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахтиер Хакимов бір отырыста Иран Президенті Ибраһим Раисидің сөздеріне тоқталып, Теһранның Шанхай ұйымын нығайтуға бар күш-қуатын салуға дайын екенін айтып, ұйымның шешімін пайдалы деп бағалады.
Ресей Президентінің арнайы өкілі: «Біздің сенімімізше, Иран «Бір белдеу – бір жол» жобасына белсенді атсалысады. Басқа жағынан «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық жолы Иран арқылы өтеді»,-деді.
Ол: «Иран осы ұйымға мүше елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысуға дайын»,-деді.
Тегтер